×

Дариға Назарбаева президенттікке үміткер бола алады - ОСК

Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

 Дәурен Ерболат 07.09.2022 | 13:13
Дариға Назарбаева, фото: zakon.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туған қызы – бұрынғы Сенат спикері Дариға Назарбаева сайлауға қатысы алады. Бұл Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Әрине, ол (Дариға Назарбаева президент сайлауына – автор) қатысуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуы ықтимал. Президенттікке үміткерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады, - деді Шавкат Өтемісов Мәжіліс отырысынан соң журналистерге.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған еді. Оның пікірінше, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ мен көп ойланып, президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Тоқаев.

Еске салайық, 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, ҚР президенті болып сайланды. 2019 жылы 12 маусымда Конституцияның 42-бабына сәйкес ант беріп, Мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама