Өрт қасақана жасалуы мүмкін – Төтенше жағдайлар министрі
Бәрімен тергеу органдары айналысады
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, сұрақтарға жауап берді.
Ол Әулиекөл ауданындағы алапат өрттің себебін Ішкі істер министрлігінің тексеріп жатқанын айтты.
«Біріншіден, адам факторын жоққа шығаруға болмайды. Өйткені, өрттің алдында найзағай ойнап, жерге түскен жоқ. Ондай табиғи құбылыстар байқалған жоқ. Сондықтан әртүрлі версиялар қарастырылатын болады», – деді Юрий Ильин.
Кездесуде журналистер министрден өрт қасақана жасалуы мүмкін бе деп сұрады.
Түрлі вариант қарастырылуда. Бәрімен тергеу органдары айналысады, – деді ол.
Министрдің айтуынша, облыстағы өртке қатысты жағдай бірқалыпты.
Жағдай бақылауда, қалыпша. Қазір өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жоқ, – деді Ильин.
Бұған дейін облыстағы өрттің шығу себебін тексеруге Бас прокуратураның кіріскені туралы хабарланған болатын.
Тексеру Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша жүргізіледі.