Halyq Uni логотип
×

«Басың алтын, артың күміс болса да кет!». Профессор президентке қажетті кеңес айтты (ВИДЕО)

Қазіргі саясаткерлерде тектілік жоқ

 Еркеғали Болатұлы 05.09.2022 | 10:06

Белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында биліктен кетпей отырудың өзі де азап екенін айтты. Сондықтан ол мерзімі аяқталған соң президенттердің немен айналысуға болатынын меңзеді.

Екі мерзім отырасың ба, болды. Одан кейін басың алтын, артың күміс болса да кет! Бар, президенттердің клубын жаса! Кім саған кедергі келтіріп отыр? Қоғамдық бір шаруа атқара бер. Мұрағат жина, кітап жаз. Бірақ бұған да белгілі бір дәрежеде өркенитеттің дамуы қажет шығар. Күрес қажет, - дейді ғалым.

Әйтпесе, билікке жармасып ұзақ отырудың кесірі, өзге тарихи тұлғалардың бағасын алуына кедергі келтіруі мүмкін. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде, басқасын айтпағанда, қазақтың бірінші республикасы – Алаш Орданы құрған Әлихан Бөкейханның атын өшіруге тырсықаны өтірік емес.

Алаштанумен айналысатын жігіттерді білемін. Қазмедиада мен бір хабар жасап жатырмын. Олар да жасап жатты. Сонда ренжіп тұр. Неге ренжіп тұрсыңдар десем, «Бізге Әлихан Бөкейхановты айтуға болмайды деді» дейді. Масқара ғой. Сонда кімді айтамыз? Бір адамды айтыңдар, бір әулетті ғана мақтаңдар деген. Сондықтан қазір батыр іздеу, көсем іздеу, мықты азаматтарды іздеу жүріп жатыр. Менің ойымша, халыққа кішкене еркіндік берілсе, әр салада мықты жігіттер бар, - дейді профессор.

Дегенмен өзгеріс тек президентке қатысты емес. Билік құрамында жүретін өзге азаматтар да тарихтан сабақ алуға тиіс. Әйтпесе, қазіргі саясаткерлерде тектілік жоқ.

«30 жылдықта ұрлық-қарлық доминаттық рөлге шығып кетті. «Ағашкасыз» ештеңе шешілмейді деген сияқты. Барлығы еңбекпен келетініне жастардың көзі жетуге тиіс. Мен өзім халықтың қалалық болғанын қалаймын. Өйткені білім, мәдениет осында. Бірақ ұлы даланы иесіз тастап кетуге болмайды», - дейді Жамбыл Артықбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама