Halyq Uni логотип
×

«Атағын шығару үшін неше түрліні істейді»: тарихшы Кәрім Мәсімовке қатысты шындықты айтты

Белгілі тарихшы, профессор Жамбыл Артықбаев ҰҚК бұрынғы басшысының халыққа жақсы болып көріну үшін жасаған бір қулығын ашып айтты.

 Халық үні 04.09.2022 | 21:40
«Атағын шығару үшін неше түрліні істейді»: тарихшы Кәрім Мәсімовке қатысты шындықты айтты
© REUTERS / POOL / Kenzaburo Fukuhara

Әлеуметтік желіде Кәрім Мәсімов қамауға алынғалы бері түрлі ақпарат айтылып жатыр. Белгілі тарихшы, профессор Жамбыл Артықбаев ҰҚК бұрынғы басшысының халыққа жақсы болып көріну үшін жасаған қулығын ашып айтты.

2016 жылы Премьер-Министр болған кезінде Кәрім Мәсімов Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтару туралы келісім жасағанын мәлімдеген еді. Бірақ оның соңы нәтижесін берген жоқ. Тарихшы Жамбыл Артықбаевтың айтуынша, Кәрім Мәсімов бұл ісі арқылы қазаққа жағынғысы келген. Тіпті ол Кенесары хан жайлы зерттемек түгілі, оқыған адам емес деп отыр.

Бізде көп нәрсені популизмге айналдырып жібереді. Халыққа жағыну үшін белгілі бір адамдар шығады да, «мен осындай істеймін» дейді. Ұлттық кұндылықтарды ешқандай ақшамен, билікпен есептеуге болмайды. Ал бұлар билік пен атағын шығару үшін неше түрліні істейді. Бұл да содан туған пиғыл ма деймін. Өйткені Мәсімов өмір бойы Кенесарыны зерттеп өткен адам емес. «Тарихтан кішкене хабары бар біреулер Кенесарыны әкеп беремін десеңіз, сіз қазаққа жағасыз» деп айтты ғой. Ол Абай туралы да кітап шығарды. Бізде дайын тұрады ғой көмектескіштер, — дейді Жамбыл Артықбаев.

Сондай-ақ, танымал тарихшы бұл сұхбатында қазіргі  «Жаңа Қазақстанға» қатысты пікір білдірген.

Мемлекеттік тарихты алатын болсақ, Қазақ хандығы бөлек. Кенесарымен аяқталады. Ол қазақтың соңғы ханы. Ал алғашқы республика құрған — Алаш ордасы. 1917 жылдың соңында Орынборда шешім қабылданды және олар 1918 жылдың соңына дейін қызмет атқарды. Одан кейін Совет үкіметімен келісімге келдік. 1920 жылдан бастап, 1991 жылға дейін солай болды. Енді осыдан бастап Назарбаев билігі — үшінші кезең басталады. Егер «Жаңа Қазақстан» дейтін болсақ, онда бұл 4-республикалық кезең. Бұл екінші республика болмауы керек. Қайталап айтайын, бірінші — Алаш, екінші — советтік, үшінші —Назарбаев, төртінші — сіз екінші республика деп отырған «Жаңа Қазақстан» — дейді белгілі тарихшы «Сұрауы бар» Youtube арнасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама