Балалар банкін құру керек – профессор
Бұл президенттің, елдің мерейін өсіреді
М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің профессоры Марат Қоғамов Қазақстанда балалар банкін құруды ұсынды. Ол Ұлттық балалар банкін құрып, туу фактісі бойынша ай сайын әрбір балаға шамамен 100 доллардан аудару керектігін айтты.
Оның айтуынша, елімізде балалар саны көп емес, бүкіл халықтың бестен бір бөлігі. Сондықтан Қазақстан өкіметі Біріккен Араб Әмірліктеріндегідей бала дүниеге келген кезде мемлекет қомақта мұнай мен газ және басқа да табиғи ресурстарлан түскен табыстан қомақты ақша аударып отыруы керек.
Қазір Біріккен Араб Әмірліктерін қарасаңыз, әр балаға 50 мың доллар төлейді. Бұл елде балаға төленетін төлемдерден басқа, шаңырақ құруға шешім қабылдаған жастарға да барынша жағдай жасалған. Олардың арнайы неке қоры бар, ал үйлену тойынан кейін жас жұбайлар одан вилла сатып алады. Тегін емес, әрине. Бірақ 30 жылға пайызсыз несие алуға болады. Егер отбасында үш немесе одан да көп бала дүниеге келсе, несие дереу өтеледі және отбасының барлық басқа қарыздары жойылады, – деді ол.
Сондай-ақ ол Араб Әмірліктерінде жаңа туған нәрестенің болашағы үшін бар жағдайдың жасалғанын, баланың атына мемлекет жинақ шотын ашып, оның шотына 18 жылда шамамен 100 мың доллар жиналатынын айтты.
Профессордың айтуынша, Қазақстанда Балалар банкін құрылса, оған қаражатты Ұлттық қордан алуға болады.
Балалар банкіне Ұлттық қордан ақша түссе, кейін оны балалардың оқуына, қажет болған жағдайда емделуге пайдалануға болады. Бұл ақша бір бөлмелі пәтерге де жетеді. Қазір Ұлттық қордың қаражаты әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Бірақ ашық айтсақ, бәрі емес. Кейде одан кәсіпорындардың қарыздарын өтеу үшін алынады. Екінші деңгейдегі банктерге банкрот болмау үшін беріліп жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан президент айтқандай, жыл сайын Ұлттық қорға түсетін табыстың 50 пайызы балалардың болашағына жұмсалса, біздің ел одан ұтылмайды. Бұл президенттің, елдің мерейін өсіреді, – деді ол.
Ол Балалар банкі құрылса ел тарихында бұрын-соңды болмаған әлеуметтік-экономикалық акция болар еді деп атап өтті.