Halyq Uni логотип
×

Алексей Цой биыл жаңажылдық корпоратив өткізуге қатысты жауап берді

Министр жаңажылдық кештерді өткізу кезінде не ескерілуге тиіс екенін айтты

 Ербол Тұрымбет 23.11.2021 | 13:35
Алексей Цой биыл жаңажылдық корпоратив өткізуге қатысты жауап берді
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет үйінде тілшілердің «Биыл Қазақстанда жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат етіле ме?» деген сұрағына жауап берді.

Министр әр облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері сол өңірдегі эпиджағдайға байланысты жеке шешім қабылдай алатынын айтып, мерекелік шара өткізуге арналған қоғамдық орынның қанша адамға арналғанын ескеру керектігін жеткізді.

Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, яғни қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатындығы туралы. Оны сол өңірдің бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуге тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша өңірлер «жасыл», «сары», «қызыл» аймақта болуы мүмкін, - деді министр.

Еске салайық, биыл қыркүйек айында ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстанда форум, көрме, марафон, жұма намазын өткізуге рұқсат берілді. ВАК шешіміне сәйкес, «жасыл», «сары», «қызыл» аймақта өтетін шараларға шектеу қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама