Тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін, – деді ол.
2019 президенттік сайлауға түскен саясаткер, журналист Әміржан Қосанов биылғы кезектен тыс президенттік сайлауға қатысқысы келетінін айтты.
Тоқаев Назарбаевтың стилінде кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Уақыт тығыз. Әрине, ыңғайсыз адамдарды Орталық сайлау комиссиясы тіркемес. Бір бәле табады ғой.
Бірақ, мен 2019 жылы бар ресми процедурадан өткенмін. Иә, Әблязов, Қажыгелдин, тағы басқа ескі оппозиция мені қаралады, бірақ ертең басқа билік қарсыласын тіркесе, қолдаймын. Тіркемесе, президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын, өйткені тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін, – деді ол.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына қатысты пікірін білдірді.
Ол: «Президент Жолдауы тек қана қазақ тілінде жарияланатын кез де келер... Құдай және халық қаласа», «Парламенттегі президент Жолдауы мен мектептегі алғашқы қоңырауды қатар қою – идеологиялық жағынан дұрыс емес!», «Айналайын депутаттар! Мына Жолдауым Жаңа Қазақстанға арналған. Сондықтан зейнетке шыққан, яғни 63-ке толғандарыңыз анау Иманғали Тасмағамбетовтен үлгі алып, өз еріктеріңізбен кетсеңдерші! » десе ғой президент өз Жолдауында», «Қаңтар, рахымшылық ұсынысы дұрыс! Бірақ сол күндері бейбіт шеруді бүлікке ұластырған залымдарға кешірім болмасын!», деген ойларын айтты.