Halyq Uni логотип
×

Құмар ойынға әуес бір қазақстандықтың орташа қарызы 10 млн теңге - депутат

Елімізде құмар ойынға әуес адамдар саны 350 мыңнан асқан

 Айнұр Шошаева 10.02.2022 | 11:38
Құмар ойынға әуес бір қазақстандықтың орташа қарызы 10 млн теңге - депутат
коллаж: Halyq Uni

Сенатор Дана Нұржігіт Қазақстанда букмекерлік жарнамаға заңмен тыйым салуға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде букмекерлік кеңселерді жарнамалау заңнамалық шаралар қабылдауды талап етеді.

«Жарнама туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, казино мен интернет-казино қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады. Бірақ букмекерлік кеңселердің қызметін жарнамалауға тікелей тыйым жоқ. Сондықтан мұндай компаниялардың жарнамасы интернетте агрессивті түрде жүріп жатыр. Осы фактіні ескеріп, қолданыстағы заңнамаға букмекерлік компанияларды жарнамалауға толық тыйым салу бойынша тиісті өзгерістер енгізу қажет», - деді Нұржігіт Сенаттың жалпы отырысында. 

Бұған қоса депутат ойын бизнесі субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін де атап өтті. Депутаттың дерегінше, Қазақстанда құмар ойынға әуес адамдардың саны 350 мыңнан асады, ал бір ойыншының орташа қарызы 10 млн теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама