Михалков соғысқа қарсы актерлар түскен фильмдерді көрсетпеуді ұсынды
Ресей тоз-тоз болып кетудің сәл ғана алдында тұр
Ресейлік режиссер Никита Михалков Ресейдің соғысын қолдамайтын актерлер түскен фильмдерді көрсетпеуді ұсынды.
Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.
Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсылық ретінде елден кетіп қалғандарды XX ғасырдың 20-жылдарындағы мәдениет қайраткерлерімен салыстыруға болмайды, – деді режиссер.
Ол қазіргі әртістердің елден «алғыс айтуды» білмеушілік сипатында кетіп жатқандарын айтып, олардың қатысуымен түсірілген фильмдерді прокатқа жібермеу керектігін айтты.
Өзінің соғысқа қарсы екенін білдіріп, Ресейден кетіп жатқандар – өздерін «өсірген», «танымал еткен», «сүйген» елден жиіркеніп, оған «алғыс айту» орнына «қарғыс айтып» бара жатқан адамдар, бұларға қалайда бір «баға берілуі керек, – деді ол.
20-жылдарғы эмигранттардың бұлардан айырмашылығы, олар «отандарын тастаған жоқ, олар билікті қабылдамады, нәтижесінде сыртта фантастикалық эмигранттық мәдениет жасады» деп мәлімдеді тағы.
Мен егер Шмелевті Ресейден шығарып жібермесе, ол «Тозақтағы жаз» туындысын немесе Бунин «Қараңғы аллеяларын» жаза алмаған болар еді деп ойлаймын, – деді одан әрі Михалков.
Бірақ Никита Михалковтың мұндай лицемерлік позициясымен режиссер Александр Сокуров келіспеді. Ол мәдениет министрлігі де, президент әкімшілігі де мынадай тайыз ұсынысқа құлақ аса қоймайтынына үміт білдірді.
Олар жұртқа көрсетілуге тиіс көркем туындылар, олар Ресейдің кинематография кеңістігінде өмір сүруге тиіс, олар болуға тиіс. Мен мұндай жәдігөйлікке қарсымын, оны ешбір қолдай алмаймын, – деп мәлімдеді Сокуров.
Осылайша Ресейді кімнің кім екені күн өткен сайын көрініп келеді. Ресей тоз-тоз болып кетудің сәл ғана алдында тұр.