Halyq Uni логотип
×

Каспий құбыр желісі консорциумына балама жол бар

Бірақ жұмысы көп

 Дастан Жұмабекұлы 25.08.2022 | 18:05
Каспий құбыр желісі консорциумына балама жол бар
фото: ашық дереккөз

 Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысы туралы пікір білдірді.

Ол еліміз үшін Каспий құбыр желісі консорциумының тұрақты жұмыс істеуі маңызды екенін айтты.

Қазақстан Каспий құбыр консорциум жұмысының арқасында 54-55 млн тонна мұнай тасымалдаймыз. Бұл үлкен жұмыстың бір күнде не бір аптада басқа бағытта өзгеруі мүмкін емес. Каспий теңізі арқылы оңтүстік Әзербайжан, Кавказ елдеріне шығу жоспары бар. Бірақ ол қосымша ретінде қарастырылған. Ал Каспий құбыр желісі консорциумындағы мұнайдың басым көпшілігін тасымалдап отырмыз. Егер төте жол қарастырсақ, ол үшін жаңа құбыр салу қажет, жаңа инфрақұрылымдардың өндірісін жоспарлау керек. Сондай-ақ оны Каспий арқылы тасымалдайтын кемелер, яғни танкерлер керек болады. Екінші тараптағы елдің де инфрақұрылымы дайын болуы тиіс. Бұл жобаны іске асыруға болады. Бірақ оның жұмысы көп. Қазір бізге КҚК-ның тұрақтылығы ең маңызды мәселе, –  деді Болат Ақшолақов.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов дәл қазір еліміз үшін Каспий құбыр желісі консорциумының тұрақты жұмысы маңызды екенін атап айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама