×

«Қазақ, орыс демей домбыраны үйрену керек»: Тоғжанов мектеп басшыларына ұсыныс айтты

ШҚО-да біздің заманымызға дейінгі 7-ғасырда жасалған ұлттық аспап табылды

 Дастан Жұмабекұлы 25.08.2022 | 16:49
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумында барлық мектеп оқушыларына домбыраны үйрену керектігін айтып, оны мектептің бағдарламасына енгізуді ұсынды.

Шығыс Қазақстан облысына демалысқа барып, арнайы Берелді көріп қайттым. Осыдан бір ай бұрын Ерке сазы, Күршімде қазақтың домбырасының біздің заманымызға дейінгі 7-ғасырда жасалған ескерткіші шықты. 68 сантиметр ғана. Сондықтан мен өткенде мектептердің барлығына домбыраны енгізу керек деп айттым. Қазақ, орыс мектебі деген әңгіме емес. Бүкіл мектепке енгізу керек. Қазақтың домбырасында ойнаған басқа ұлттың баласының ішкі дүниесі де өзгеретін болады, –  деді Тоғжанов.

Ос ретте, ол мектептерге домбыраны енгізуді ұсынды.

Одан әрі вице-премьер Шығыс Қазақстан облысында 9 қыркүйекте халықаралық ғылым-конференцияның болатынын айтты.

Данияр Кенжетайұлымен келістік. Кеше солтүстікте тарихшылармен де сөйлестім. Қазақстан бойынша ғылыми экспедиция ұйымдастырамыз. Соған байланысты нақты ұсыныс керек. Ол тек Шығыста ғана болмайды. Шығыста ежелгі түрік дүниесінің нақты деректері жатыр, – деді Тоғжанов.

Вице-премьер түрік дүниесін зерттеуге қызығушылық танытып жатқан шетелдіктердің көп екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама