Halyq Uni логотип
×

Азаматтық қоғамның дамуына «шүкіршілік» дейтіндер кедергі - Кәмила Смағұлова

Қоғам мен атқарушы билік коперация жасайтын жүйе басымырақ болуы тиіс

 Еркеғали Болатұлы 25.08.2022 | 12:54

«Тәуелсіздіктен кейін туған жастардың санасы» атты әлеуметтік зерттеудің авторы, саясаттанушы Кәмила Смағұлова қоғамның дамуына «шүкір» дейтіндер тежеу жасап тұр, себебі аға буын өзгерістен қорқады деген пікірде.

«Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында осындай пікірлерін ашық айтқан ол, ереуілге шыққан жастарға қырын қарайтын бейсаяси пассивті қоғамның бөлігі әлі жойылмағанын да алға тартты.

«Бейбіт шеруге шыққандарға «осыларға не жоқ» деген реторика бар кезде азаматтық қоғамның даму үрдісі өте баяу жүреді. «Митингтен не пайда?» деп көшеге шыққан жастарға қырын қарайтын бейсаяси пассивті қоғамның бөлігі әлі де бар.

Олар үйреншікті ортада тұрып үйренгендіктен өзгерістен қорқады. Оның орнына азаматтық белсенділік керек. Қоғам мен атқарушы билік коперация жасайтын жүйе басымырақ болуы тиіс.

Бірақ бізде «шүкіршілік» дейтіндер барлығына кедергі жасап тұр», - дейді саясаттанушы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама