«Жаңа Қазақстан қырылумен есте қалмасын»: Есен Елеукен әскердегі өлім-жітім туралы айтты
Бүкіл күштік құрылымды қайта реформалайтын, жай құрылымдық емес, нөлден бастап, психология, философиясынан бастап өзгертетін кез келді, дейді ол
«Қазақстан КВН одағының» президенті Есен Елеукен өзінің Facebook-тегі парақшасында елімізде сарбаз өлімі көбейіп кеткені туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Әскерге кеткен балалардың өлімі тоқтамай отыр. Бұл не болып кетті? Соғыс болмай, әскер қырылып бітетін секілді ғой. Соңғы бір айда Шекара қызметінің екі сарбазы қайтыс болыпты деп жатыр. ҰҚК-не қарайды ғой. Демек бұл өлімдің бәріне ҰҚК басшысы мен Қорғаныс министрі қатар жауап беруі керек. Қорғаныс министрлігі шекара бізге қарамайды деп жатыр, бірақ әскерге тікелей ҰҚК алмайды ғой», - деді ол.
Оның айтуынша, әскерге денсаулығы өте жақсы, іріктелген жігіттер барады. Ал олардың қарны ашып немесе психологиясы нашар болып өле салатын болса, аудандық военкоматтан бастап тексеру керек.
Не де болса, бүкіл күштік құрылымды қайта реформалайтын, жай құрылымдық емес, нөлден бастап, психология, философиясынан бастап өзгертетін кез келді. Жаңа Қазақстан қырылумен есте қалмасын тарихта...,- деп жазды ол.
Жазба соныңда ол желідегі парақшасына марқұм атыраулық сарбаз Бекбол Мираштың видеосымен бөлісті.