Halyq Uni логотип
×

«Орыстарды қыру керек». Сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің мәлімдемесіне наразылық білдірді

Украина елшісі қазақстандық блогерге сұқбат берген

 Халық үні 23.08.2022 | 13:55
«Орыстарды қыру керек». Сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің мәлімдемесіне наразылық білдірді
фото: СІМ баспасөз қызметі

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті.

Кездесу барысында министрдің орынбасары Украина елшісіне 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірді.

«Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс», - делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама