×

Спортқа бөлінген қаржы тексерілуі керек – Дәулет Тұрлыханов

Ол жаттықтырушылардың «қайыршыға» айналғанын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 13:41
фото: ашық дереккөз

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановқа еліміздегі бұқаралық спортқа, жоғары жетістіктер спортына бөлінген қаржыға тексеру жүргізуді ұсынды.

Мен осы мүмкіндікті пайдалан отырып, премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Лұқпанұлына үндеу жолдағым келеді. Қазір елімізде спорт саласы сын көтермейтін жағдайға жетті. Спортшыларды айтпағанда, жаттықтырушыларымыз «қайыршыға» айналды. Елімізде спортшылардың жарыстарға дайындалуына тиісті жағдай жасалмаған, –  деді ол. 

Осы ретте, Дәулет Болатұлы республикалық және жергілікті бюджеттен еліміздегі бұқаралық спортқа, жоғары жетістіктер спортына бөлінген қаржыға тексеріс болу керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама