Америкалықтар Ресейге қатысты болжам жасады
Wall Street Journal басылымы Америка Құрама Штаттарының Ресейге қатысты саясатына болжам жасады.
Газеттің хабарлауынша, алдағы уақытта АҚШ пен Ресейдің арасын бұдан да суып, қырғи-қабақ соғысқа жалғасуы мүмкін. Оған АҚШ алғашқы қадамдарын да жасап жатыр. Мысалы, АҚШ енді Қытай мен Үндістанды қыспаққа алуды ойластырып жатқанға ұқсайды. Сөйтіп, Құрама Штаттар олардың Ресеймен сауда-саттықтарын бақылауға алады. АҚШ сол арқылы Ресейдің тауарын, минералды ресурстарының осы екі елге сатылуын барынша шектеп, экономикасын құлдыратып, елін тоз-тоз етіп жіберуді мақсат етіп отыр.