Британ солдаттарына соғысқа дайындалу тапсырылды
Уорент-офицер Пол Карни 23 ақпаннан кейін әлемнің өзгеріп кеткенін айтты
Ұлыбритания уорент-офицері Пол Карни солдаттардың Ресеймен соғысу үшін өз отбасыларын осыған дайындап қоюлары керектігін мәлімдеді.
Бұл туралы Dayli Mirror хабарлады.
Уорент-офицер Пол Карни солдаттарға өз отбасыларын алты айдан бері жүріп жатқан соғыста Ресейге қарсы шайқасу үшін Украинаға барып қалулары мүмкін екеніне осы бастан дайындай берулері керектігін айтты, – делінген хабарламада.
Уорент-офицер Пол Карни өз сөзінде британ әскери қызметкелерінің «Ресей тарапынан болатын кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруға дайындалып жатқандарын және кез келген агрессияға қарсы тұруға дайын» екенін ескертті.
Ол бұдан алты ай бұрын сейсенбі күні, 23 ақпанда Владимир Путин Украинаға басып кіргеннен кейін әлемнің өзгеріп кеткенін айтты.