Ресей Энергодардағы атом станциясында арандатушылық жасауды жоспарлап отыр
Бүгін НАТО елдері Запорожье АЭС-нінен радиация тараған жағдайда Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталатынын айтып, Ресейге ескерту жасады.
Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.
Запорожье атом-электр станциясына саналы түрде шабуыл жасалып, оның соңынан айналаға радиация тарай бастаған жағдайда Солтүстік Атлантика елдеріне соғысқа белсене кірісіп кетуге тура келеді. Өйткені, бұл инциденттің салдарынан ең алдымен НАТО елдері зардап шегеді, – деп мәлімдеді АҚШ пен Ұлыбританияның саясаткерлері.
Украин ядролық реакторына саналы түрде залал келсе, НАТО-ның ұжымдық қорғаныс жөніндегі келісімшартының бесінші бабының талабын қасақана бұзғандық болып саналады. Мұндай жағдайда Альянс бірден өзін өзі қорғау үшін ядролық реакторға залал әкелген елге соққы береді, – деді Ұлыбританияның Қауымдастық палатасы арнайы комитетінің төрағасы Тобиас Эллвуд.
АҚШ Конгресінің өкілі Адам Кинзингер мұндай жағдайда бесінші баптың бірден іске қосылатынын мәлімдеді.
Бұл мәселе талқыланбайды. Кез келген радиация таралымы НАТО елдерінің халқын өлтіреді, – деді ол.
Бұдан алдын украинның «Энергоатом» компаниясы Ресейдің өздері басып алған Энергодардағы атом станциясында кең ауқымды арандатушылық жасауды жоспарлап отырғанын баяндаған болатын.
Қазір Ресейдің оккупациялық күштері таяу аралықта энергия блогының жұмысын тоқтатып, Украинаны қуат көздерінен ажыратып тастауды жоспарлап отырғандары жөнінде ақпар бар. Қазіргі таңда Ресей әскерилері энергоблок тоқтатылғаннан кейін іске қосылып, ядролық отынды суыту жүйесі үшін сырттан энергиямен қамтамасыз ететін дизель-генераторлар үшін отын әкеп берушілерді іздеп жатыр, – делінген хабарламада.
«Энергоатомның» мәліметі бойынша, 18 тамызда қалаға Ресей федералды телеарналары қызметкерлерінің үлкен тобы келген. Олар жергілікті кәсіпкерлердің мейманханада ФСБ қызметкерлермен өткізетін кеңесін түсіріп, көрсетуге тиісті болған. Ал бірнеше сағаттан кейін АЭС оқу-жаттығу орталығы ауданында атыс басталып кеткен.
Украина телеарналарының хабарлауынша, атыс екі жерде – автовокзал мен қашыртқы каналында болған. Оккупанттар бұл атыстарды өздерінің пропагандалық БАҚ-тары арқылы Украина Қарулы күштерін осыған айыпты етіп көрсету үшін әдейі ұйымдастырған.