Ресейде «Путин идеологының» қызы қаза тапты
Оның өлімін Ұлттық республикалық армия мойнына алды
Ресейде «Путиннің идеологы» Александр Дугиннің қызы Дарья (Дугина) қаза тапты. Ол Мәскеудің түбіндегі Большие Вяземы кенті ауданында машинамен бірге жарылып кетті.
Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Мәскеу түбінде «Путиннің идеологы» Александр Дугиннің Ресей RT пропагандистері мен «Царьград» үшін жазып жүрген қызы Дарья Платонова рулінде отырған автомобиль жарылды, – делінген хабарламада.
Мұны РФ тергеу комитеті растады.
Мәскеу түбіндегі Большие Вяземы кенті ауданында «Toyota Land Cruiser Prado» автомобилі жарылды. Солдан жүргізуші әйел қаза тапты, – деп мәлімдеді тергеу комитеті.
Күштік құрылымдар жарылғыш заттың көлікте болғанын айтады.
Ал «Орыс әлемінің» бас идеологы, философ Александр Дугин болса, бұған дейін қызына украин ұлтшылдарының бірнеше рет хабарласып, қоқан-лоқы жасағанын айтып жатыр.
Украин тарапы бұл оқиғаға өздерінің ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Twitter әлеуметтік желісінде «Орыс әлемінің» жалауын желбіретіп жүрген марқұмның өзін айыптаушылар көп. Ол өз әкесімен бірге осы тақырыпта «Книга Z» деген кітап жазып шығарыпты.
Қазір Дугинаның өлімін Ұлттық республикалық армия партизандары мойнына алып отыр.
Мұндай мәліметті Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Илья Пономарев таратты. Ол Дарьяның өліміне қатысты жауапкершілікті Ұлттық республикалық армияның өз мойнына алып отырғанын хабарлады.
Ұлттық республикалық армия партизандары болса, Дарья дунинаның өлімінен кейін мәлімдеме жасады.
«Біз, ресейлік белсенділер, әскерилер мен саясаткерлер – қазіргі Ұлттық республикалық армия партизандары жауынгерлері, соғыс өртін тұтатушыларды, Ресей халықтарып тонаушылар мен езушілерді заңнан тыс адамдар қатарына қоямыз!
Біз президент Путинді Конституцияны бұзған, славян халықтары арасында бір-бірін өлтіруге бағытталған соғысты ашқан және Ресей солдаттарын мағынасыз және бірден өлімге апаратын соғысқа аттандырған билік узурпаторы және әскери қылмыскер деп жариялаймыз.
Біз Путинді тақтан тайдырып, өзін өлтіреміз!
Біз РФ үкіметі мен өңірлік әкімгершіліктер шенеуніктерін узурпатордың жандайшаптары деп жариялаймыз, бұлардың арасында кімде-кім уәкілдігін тастап, қызметтерінен кетпесе жойып жібереміз.
Біз өз ақшаларын шенеуніктермен жемқорлық байланыс арқылы тауып отырған бизнесмендерді Отанын сатқан сатқындар және узурпатордың жандайшаптары деп жариялаймыз және оларды жойып жібереміз.
Біз соғыстан пайда тауып отырған және оған қаржылай-заңды мақсатта көмектесіп отырғандардың әскери жүктеріне жүктерін жойып жібереміз», – делінген мәлімдемеде.