Үш өңірдегі ҰҚК лауазымды тұлғалары әрекет етпеді – Бас прокуратура
Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Қаңтар оқиғасына қатысты жаңа деректерді айтты
Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді.
Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚКД лауазымды тұлғалары еш әрекет етпеді. Құқық қорғау органдарының кейбір басшылары құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған арнайы бөлімшелердің іс-әрекеттерін әдейі бұғаттады деген нұсқаны қарастырып жатырмыз, - деді Ризабек Ожаров.
Бүгінде ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алу әрекеті туралы қылмыстық істерді тергеп жатыр. ҰҚК экс-төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Билікті асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК «Арнайы» арнайы мақсаттағы қызметі директорының бірінші орынбасары және осы қызмет орталығының бастығы ұсталды.