×

Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желіде ашылған парақшалары жайлы түсіндірді

Соңғы кезде мемлекеттік қайраткердің атынан ашылған аккаунттар көбейген

 Қымбат Елтайқызы 07.02.2022 | 14:00
коллаж: Halyq Uni

Әлеуметтік желіде Тасмағамбетовтің фейк аккаунттары пайда болды. Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған фейк парақшаларды көруге болады. Қазақстанның танымал мемлекеттік қайраткерінің бұл аккаунттарға қатысы жоқ, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – жазылушылар саны мыңнан асады. Facebook-те де оның атынан парақшалар ашылған. Тасмағамбетов әңгіме барысында бұл аккаунттарға қатысы барын жоққа шығарды. Ол әлеуметтік желіде парақшалары жоқ екенін айтты.

Құрметті достар! Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын, – деді Иманғали Тасмағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама