Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз
Геннадий Головкин әлеуметтік желіде мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады.
Жаттығу лагерінің жартысы өтті. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз, – деді ол Instagram-да.
Трилогия 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста болады. Бұған дейін олар 2017 және 2018 жылдары қолғап түйістірген еді. Бірінші жекпе-жекте боксшылар тепе-тең түссе, екінші айқаста терешілердің шешімімен Альварес жеңген болатын.