«Канело» Головкинге намысына тиетін сөздер айтты
Ол отандасымызды өзімшіл, екі жүзді адам, деп айыптады
Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинге намысына тиетін сөздер айтты.
Ол «Marca» басылымына берген сұқбатында Головкинді өзімшіл, екі жүзді адам екенін деді.
Головкин – өзімшіл. Кадрдан тыс адамдардан оның қандай екенін сұрап көріңіздер. Ал камера қосылса, ол өзін жақсы адам сияқты көрсетеді. Мен екі жүзді адамдарды жек көремін. Егер олар мені ақымақ десе, дей берсін. Мен өзімнің қандай екенімді білемін, – деді мексикалық боксшы.
Сонымен бірге «Канело» отандасымызды не үшін жек көретінін де айтты.
Ол мені арам, алаяқ деді. Ол менің командам елімді масқара қылып жатыр деді. Міне, осы үшін мен оны жек көремін, – деді Сауль Альварес.
Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде болады.