Өзбекстан еріктілердің 10 жылға сотталатынын мәлімдеді
Ресейде «Пермь аймағындағы Орталық Азия өзбектері қоғамы» ұйымының жетекшісі Жахонгир Жалолов Украинадағы соғысқа Өзбекстаннан келген мигранттарды қатыстыру үшін Темірлан атындағы батальон құруды ұсынды. Оның бейнеүндеуін Vetta телеарнасы жариялады.
Оның айтуынша, өзбектер Ресейде тұрақты жұмыс істеп, әбден орнығып қалған. Балалары балабақшаға барады, мектепте, университеттерде оқиды.
Біз енді жеген нанымызды ақтауға міндеттіміз. Ерікті батальон құрып, оны «Темірлан» деп атауды ұсынамын, – деді Жалолов.
Оның ұсынысын Ресейдегі өзбек мигранттары қолдап отырған сияқты. Олар Украинамен соғысуға кетәрі еместігін білдірді. Қазір Ресейде еріктілерден құрылып жатқан батальондар көп. Олардың көбісі ұлттық республикалар мен Ресейдің тұрмысы ең нашар аймақтарында тұратын халықтардан жасақталып жатыр. Қолда бар деректерге қарағанда, осы күндері Ресейде соғысуға аттану үшін 40-тан астам еріктілердің жасақтары дайын отыр. Ерікті батальонға қосылғандар Ресейдің Қорғаныс министрлігімен бірнеше айға келісім-шартқа отырады екен. Оларға айына 130 мыңнан 300 мың рубльге дейін айлық төлейміз деп уәде береді. Ал Ресейдегі өзбек мигранттарының арасынан осындай бастамашы топтың пайда болғаны Өзбекстан үкіметі кәдімгідей алаңдатып отыр. Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі Украинадағы соғысқа қатысқан өзбек азаматтары 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.
Әзірге бұл ескертуге «Темірлан» батальонын құрғысы келетіндер құлақ асып отырған жоқ.
Ресми статистика бойынша Ресейде екі миллион Өзбекстан азаматы еңбек етеді екен.