Кремльдің элитасы үлкен алаңдаушылық пен қорқыныш жағдайында отыр
Ресей билігіндегі шенеуніктер Украинадағы қанды қырғынды Путинге білдірмей, Батыс елдерімен келісіп, тоқтатқылары келеді.
Бұл туралы «Daily Mirror» порталы хабарлады.
Материалдан белгілі болғандай, Кремльдегі жоғары лауазымды шенеуніктер мен президент Владимир Путин элитасы мүшелерінің «үрейге бой алдырып» жатқандарын, енді Украинадағы қанды соғысты тоқтату үшін Батыспен келіссөз жүргізуді бастап кеткілері келетінін айтты.
Кеше кешке Кремльдің жоғары лауазымды тағы бір шенеунігі Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысының жолын кесуге көмек сұрау үшін астыртын түрде Батыспен байланысқа шықты. Владимир Путин элитасының құпия мүшесі Кремльді үрей жайлап алғанын, олардың қанды соғыстың тоқтатылуына мүдделі болып отырғанын мәлімдегені айтылды. Мұндай таң қаларлық мәлімдеме Батыс арнайы қызмет органдарының есептерінде де атап көрсетілді, – делінген материалда.
Путинге жақын жүрген аға офицерлер мен шенеуніктер Батыс санкцияларының режимі мен одан туындап жатқан экономикалық күйреулерден қатты қорқатындары да әңгіме болып жатыр.
Кремльдің элитасы үлкен алаңдаушылық пен қорқыныш жағдайында отыр, – делінген мақалада.
«The Daily Mirror» порталының хабарлауынша, қазір Ресей арнайы қызметі батыспен байланысқа шыққан «құпия шенеуніктің» кім екенін анықтауға барын салып жатыр.