×

«Трайбализмнің авторы – Қонаев». Қоғам қайраткері Назарбаевтың билікке келу жолын айтты

Экс-депутат Дінмұхамед Қонаевтың белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың да соңына түскенін жеткізді

 Ербол Тұрымбет 15.08.2022 | 10:46

Экс-депутат, бүгінде қоғам белсендісі Серікбай Әлібаевтың айтуынша, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын ұйымдастырған – Нұрсұлтан Назарбаев. Алайда, Колбинді шақыртқан - Қонаевтың өзі.

Оған қоса, қазір Қонаевты ел мақтағанымен, депутат оны бүгінгі қазақ қоғамындағы трайбализмнің де басында тұрған кісі деп айыптады.

Қонаевтың «Қазақстанды басқаратын адам жоқ, басқа елден, орысты ма, басқа ұлтты жібер» дегенінің өзі қайда жатыр?! Колбин Қонаевтың айтқанымен келді, Горбачев жіберді. Кінә кімнен екенін халық өзі түсінер. Мен өз пікірімді емес, болған оқиғаны, фактіні айтып отырмын, дейді қоғам қайраткері.

Экс-депутаттың айтуынша, Дінмұхамед Қонаев кезінде Назарбаевты билікке өзі дайындап, артынан оны билей алмай, тоқтата алмай өкініп, қателескенін де түсінген.

«Орталық комитетте болғанымда Қонаевқа кіріп жүрген бір ақсақал ағамыз айтты, «Серікбай, мына трайбализм деген бізде жаман, болашағымызға кедергі жасайды. Орта жүзден білімі бар бір азаматты Қонаевқа алып келсек, қазір резюме, ол кезде жеке ісі дейді, оны лақтырады. «Әй, мынау өте ақылды болса, үйсіннен әкеліп министр қылып қой да мынаны орынбасары қыл» деп лақтырады деген», дейді Серікбай Бәдиұлы.

Қоғам белсендісі Қонаетың одан өзге де кемшін тұстарын тізіп берді. 

«Еркін Әуелбековтің соңына түсті. Мен съезде болдым. Мінберге шығып, Қонаевтың Асқар деген інісін сөкті. Сосын оның соңына түсті. Сосын сирек кездесетін ғалымымыз – Қаныш Сәтбаевтың да соңына түсті. Алашқа жақын, сондықтан бұны ұстап, қамау керек деген пікірін Медеу Сәрсекенің кітабынан көруге болады. Ол кісіні (Сәтбаевты) Славский деген министр Қазақстаннан алып кетіп, Мәскеуде қорғап қалды», дейді экс-депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама