Halyq Uni логотип
×

«Мен – қазақпын». Орыс ұлтының өкілі өзін қазақ санайтынын айтты

Ол Ислам дінін де қабылдаған

 Дастан Жұмабекұлы 14.08.2022 | 11:34
«Мен – қазақпын». Орыс ұлтының өкілі өзін қазақ санайтынын айтты
фото: TikTok-тағы видеодан кадр

TikTok-та өзін қазақ санайтын орыс ұлтының өкілінің видеосы шықты.

Маған көп адам «Сен орыс емессің бе? Сен неге Қазақстан үшін болысып сөйлейсің?!», деп сұрақ қойып жатады. Мен оларға мына нәрсені айтқым келеді. Мен Қазақстанда туып-өскенмін. Менің күйеуім қазақ. Менің балаларым қазақ. Мен қазақтың салт-дәстүрін ұстанамын. Иә, мен паспорт бойынша орыспын. Бірақ, менің жан-дүнием – қазақ, –  деді ол.

Одан әрі орыс келіншектің Қазақстанда кез келген мерекеде дастарханға бауырсақ пен еттің қойылатынын, Қазақстанды ол сонысымен де жақсы көретінін атты.

Қазақстан – менің Отаным, Қазақстан – менің махаббатым. Мен – мұсылманмын. Ислам дінін 28 жасымда қабылдағанымда туған-туыстарымның бәрі мені қолдады. Мен қымызды жақсы көремін. Қазір мен Түркиядамын. Мұнда қазақша сөздерді көп естімейсің. Сондықтан мен Отаным келіп, қазақша амандасып, сөйлескім келеді, –  деді ол.

Қазір TikTok-та, басқа да әлеуметтік желіде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілі мен мәдениетін, өнері мен тарихына құрметпен қарап түрлі ақпарат жариялап жатқанын атап өту керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама