×

ШҚО-да халықтың қарсылығына қарамастан алтын өндіруге рұқсат берілген

Аймақтарда елдің мұң-мұқтажына қарамайтын енжарлар көп

 Дастан Жұмабекұлы 12.08.2022 | 14:47
фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Экология, геология, табиғат ресурстары министрлігі Экология комитеті Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының Күршім ауданы, Маралды ауылының жұртшылығының қарсылығына қарамастан алтын өндіру компаниясына табиғи байлықты өндіруге рұқсат бергенін айтты.

Біз бір аксиоманы түсінуіміз керек. Аймақтардағы жер, жер асты ресурстарына қатысты әрбір мәселе жергілікті халықтың келісімімен, халықтың үнін ести отырып қарастырылып, шешілуі тиіс.

«Әділетті Қазақстан» дегеніміз ең бірінші, азаматтардың мұң-мүддесін терең сезіну. Сондықтан қабылданатын шешімдер жергілікті халықтың келісімімен ғана қабылдануы тиіс. Біз инвестицияға, инвесторларға қарсы емеспіз. Керісінше, аймақтарға инвестиция тарту керек. Дегенмен, инвестиция халықтың мүддесіне қызмет етуі керек, –  деді ол.

Сонымен бірге Е.Саиров Конституцияның 6-бабындағы өзгерістер елдің талап-тілектерін, өтініштеріне жауап беруге арналғанын айтты.

Бұл бап –  халқымыздың мүддесінің кепілі. Жергілікті халықтың моральдық-психологиялық жағдайына кері әсер етуге жол берілмейді. Біз алыс ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажын түсініп, мүддесін қорғау үшін заң аясындағы барлық әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Мәселенің бағыт-бағдарын бақылауда ұстайтын боламыз!, –  деді ол.

Экология, геология, табиғат ресурстары министрлігі осы мәселе бойынша жауап берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама