Қырымды соғысып қайтарып аламыз – Украинаның генерал-майоры

Дастан Жұмабекұлы

Сонымен бірге ол елдің құрамына Херсон, Луганск пен Донецктің қайтып келетінін айтты

фото: facebook.com

Украинаның генерал-майоры Дмитрий Марченко Қырым түбегі туралы мәлімдеме жасады.

Ол Украинаның Қырымды Ресейден қайтарып алатынын айтты.

Біз Қырым көпірін қирату үшін бәрін жасаймыз. Біз Қырымды соғысып қайтарып аламыз. Қырым – Украинаның жері. Ол – біздің жер. Онда біздің адамдар тұрады. Ешкім Ресейге Қырымды тартып алуға рұқсат берген жоқ, –  деді ол.

Сонымен бірге ол Украинаның Қырымды, Херсон, Луганск пен Донецкті қайтарып алатынын айтты.