Америкалық өмірге келгені үшін ата-анасын сотқа берді

Дастан Жұмабекұлы

Ол әке-шешесінен ай сайын 5 мың доллар төлеуді талап еткен

фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Әлеуметтік желіде АҚШ азаматының өмірге келгені үшін ата-анасын сотқа бергені туралы видео кеңінен тарап жатыр.

Бойжеткен өзін бейнетаспаға түсіріп, әке-шешесін сотқа бергенін айтады.

Мен осыдан бірнеше ай бұрын әке-шешемді сотқа бердім. Неге дейсіздер ғой? Оларды мені өмірге әкелгені үшін соттағым келді. Сот арызымды қабылдап, ата-анама маған ай сайын 5 мың доллар беру туралы шешім шығарған еді. Алайда жақын адамдарым сотқа шағым түсіріп, ақша төлемейтін болды, –  деді ол.

Одан әрі бойжеткен тұрақты жұмысы болмаған соң, өмір сүрудің қиындап кеткенін, сол үшін бейнежазба арқылы бала тумауға «ақыл-кеңесін» береді. Ол бала асыра алмайтын болсаңыздар, тумаңдар деп айтты.