Америкалық өмірге келгені үшін ата-анасын сотқа берді
Ол әке-шешесінен ай сайын 5 мың доллар төлеуді талап еткен
Әлеуметтік желіде АҚШ азаматының өмірге келгені үшін ата-анасын сотқа бергені туралы видео кеңінен тарап жатыр.
Бойжеткен өзін бейнетаспаға түсіріп, әке-шешесін сотқа бергенін айтады.
Мен осыдан бірнеше ай бұрын әке-шешемді сотқа бердім. Неге дейсіздер ғой? Оларды мені өмірге әкелгені үшін соттағым келді. Сот арызымды қабылдап, ата-анама маған ай сайын 5 мың доллар беру туралы шешім шығарған еді. Алайда жақын адамдарым сотқа шағым түсіріп, ақша төлемейтін болды, – деді ол.
Одан әрі бойжеткен тұрақты жұмысы болмаған соң, өмір сүрудің қиындап кеткенін, сол үшін бейнежазба арқылы бала тумауға «ақыл-кеңесін» береді. Ол бала асыра алмайтын болсаңыздар, тумаңдар деп айтты.