Орыс азаматы қазақ күйлерін нақышына келтіріп тартты
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра
Әлеуметтік желіде оның домбырада тартып, «Адай күйін тамаша ойнағаны біраз халықтың қолдауына ие болды.
Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – Ольга! Ол бірінші күйін орындап болғаннан кейін, қошемет көрсетіп жатқандарға «Қазақтар мұндайда жұп болсын деуші еді» деп бәрімізді ұялтты да «Адай» күйін бастап кетті…, – деді ол.
Желіде Ольга Сағындықованың өнеріне риза болып, оны қолдап жатқандар көбейіп жатыр.