×

Ресей «референдум» өткізсе, ешқандай келіссөз болмайды – Зеленский

РФ басқыншылары 11 қыркүйекте Херсон және Запорожье облыстарын өзіне қосып алғысы келіп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 08.08.2022 | 11:56
фото: zn.ua

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Украинаның оңтүстігінде жалған референдум өткізетін болса, келісссөздің болмайтынын айтты.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Президент Владимир Зеленский егер Ресей Украинаның оңтүстігіндегі өзі басып алған территориялардың бірінде псевдореферендумдар өткізетін болса, біздің мемлекетімізбен келіссөздің болмайтынын айтты, – делінген хабарламада.

Бұл жайында Украина басшысы кеше кешкілік бейнеүндеуінде мәлімдеді.

Президент жаз басталғалы бері басқыншылардың өздері басып алған аудандарда псевдореферендум өткізуге дайындалып жатқаны туралы апта сайын бейнеүндеулерінде айтып келеді. Ол ресейліктерге осы ниеттері үшін заң алдында қатаң жауап беретінін ескертті.

Барлаудың мәліметі бойынша, Ресей басқыншылары 11 қыркүйекте Херсон және Запорожье облыстарында «референдум»-сымақ өткізуге дайындалып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама