Ол Очур-Суге Монгуш есімді тывалық азамат болып шықты
Тұтқынға түскен украин жауынгерін аяусыз азаптап өлтірген ресейлік оккупанттың кім екені анықталды.
Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Bellingcat зерттеушілер тобы мен The Insider басылымы видеода украин жауынгерін азаптап жатқаны көрсетілген ресейлік басқыншының кім екенін анықтағандарын мәлімдеді. Ол Очур-Суге Монгуш есімді тывалық азамат болып шықты, – делінген хабарламада.
Зерттеу қорытындысында Bellingcat тобы мүшелеріне Луганск облысындағы «Приволье» санаториясының аумағында соғыс тұтқындарын қорлау фактілерінің орын алғанын, жауынгерлерді азаптауға «Ахмат» батальонының содырлары қатысқанын айғақтап берді.
The Insider осы азаптау «операциясында» басты әрекет етуші болып қызмет атқарған, 1993 жылы туған Очур-Суге Могушпен сөйлесіп көрген.
Ол бұған өзінің қатысы болғанын жоққа шығарып бақса да, сөзінен жаңылып, бірнеше рет өзін өзі «ұстап берген».
Монгуш ешкімге азар бермегенін және ешқашан қолына қару ұстамағанын, тек ресейлік журналистерді алып жүргенін, ал видеодағы сюжеттер монтаждалғанын айтқан. Ол сондай-ақ видео пайда болған бойда журналист жолдастары өзімен хабарласқанын да білдірген.
Бұдан кейін ФСБ-ға шақырылғанын, онда барып, іссапар қағазын көрсетіп, кетіп қалғанын баяндаған.
Монгуш ФСБ-да екі күн отырғанын, олар бәрінің монтаждалған көріністер екеніне көздері жеткесін, босатқанын айтады. Жалпы, видеоны укранның қарулы күштері жасағанын, 10 жасар баланың зорланғанын солар салғанын баяндайды.
Очур-Суге сондай-ақ өзі киіп түскендей шляпаның өте көп екенін, ал видеода көрініп тұрған «Z» деген жазуы бар, кабинасында азаптау жүргізілген автомобильді ешақашан көрмегенін мәлімдеді.
Осымен бірге Монгуш «Азот» зауытының территориясынан түсірілген виедодағы солдаттың өзі екенін де бірнеше рет мойындайды. Осылайша, оның RT видеосынлады адамның шынында да Очур-Суге Монгуш екенін анықтауға қол жетті. Себебі, тұтқынды азаптап жатқан содыр мен «Азот» зауытында тұрған солдат екеуі бір адам еді.
Сол сияқты Монгуш «Z» деген жазуы бар машинаны ешқашан көрмегенін айтып, тағы бір өтірікке барды. Себебі ол шынайы екенін жоққа шығара алмаған лаңкестердің видеосында тап осы көліктің тұрғаны айдан анық болатын.
Монгуштың шешен содырларының «Ахмат» батальонында қызмет еткенін, оның солармен Грозныйда жүріп түскен суреттері де айғақтап береді.
Сол сияқты Монгуштың өзі айтып бергеніндей, видео тараған бойда журналист «достарының» өзіне хабарласып, «сен туралы әлдеқандай бір ... көрсетіп жатыр, қара» деулері олардың мұны жазбай танығандарын анық білдіреді. Демек, видеода соның өзі екенінде еш күмән жоқ.
Ал Монгуштың айтқанындай, Украина қарулы күштерінің жауынгерлері әлдеқандай бір видеоны тауып алып, оған шынымен Очур-Сугеге ұқсайтын әлдебір зұлымның тұтқындағы украин жауынгерін азаптап жатқан сюжетін монтаждап салған болса, мұның қолындағы білезік пен шляпа секілді ұсақ-түйек детальдерге дейін қалай дәл тауып салған? Осының бәрін Монгуштың қылмыскер атанудан қашып, осының бәрін ойдан шығарып отырғанын дәлелдейді.
28 шілдеде Кремльге қатысы бар әлеуметтік желіде украинның тұтқындағы жауынгерінің пышақпен азапталуы түсірілген екі видео тарады.
Кадрда Ресей әскери формасын киген солдаттардың украинның қол-аяғы байланған жауынгер тұтқынына қорлық көрсетіп жатқаны, артынан басынан атып тастағаны көрсетілді.