Немерем үшін қазақ тілін үйренемін – ДДСҰ бас директоры
Тедрос Адханом қазақпен құда болу мақтаныш екенін айтты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом немересімен сөйлесу үшін қазақ тілін үйренетінін айтты.
Бұл туралы ол Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде айтып қалды.
Мен осыған дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы бір рет Алматыға бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. 2017-2018 жылдары қазақтармен туыс емес едім. 2017 жылы қазақ отбасына құда болдым. Мен өте қуаныштымын. Бұл елде менің Дәулет Тұрлыханов есімді құдам бар. Ол – белгілі айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманның күйеу баласы. Бұл – мен үшін мақтаныш. Жақын арада немерем менімен қазақша сөйлесетін болады. Сондықтан мен немерем үшін қазақ тілін үйренемін, – деді ол.
Алматыда ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен бірге қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесті.