Halyq Uni логотип
×

Головкин «Канеломен» жекпе-жектен кейін не болатынын айтты

Айқас 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болады

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 10:37
Головкин «Канеломен» жекпе-жектен кейін не болатынын айтты
фото: zakon.kz

Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жектен кейінгі жоспарын айтты.

Бұл туралы reviewjournal.com порталы хабарлады.

Қазір жекпе-жекке жақсы дайындалып жүрмін. Айқасқа дайынмын. Егер жеңсем, бұл менің карьерамдағы ең үлкен жеңіс болады. Жеңіске қатты қуанамын, – деді Головкин. 

Боксшылардың жекпе-жегі 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болады. Кездесуде екінші орта салмақтағы WBA Super, WBC, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Бұл трилогияны жер-жүзіндегі бокс сүйер қауымның бәрі тағатсыздана күтіп отыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама