Halyq Uni логотип
×

Ресей Медведевтің «мәлімдемесіне» ақтала бастады

Оның жазбасы Әскери-теңіз күштеріне қатысты болған

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2022 | 15:27
Ресей Медведевтің «мәлімдемесіне» ақтала бастады
фото: ашық дереккөз

Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің көмекшісі Олег Осипов әлеуметтік желіде шыққан «жазбаға» қатысты түсініктеме берді.

Медведевтің ВКонтакте желісіндегі соңғы жазбасы Әскери-теңіз күштеріне қатысты болған. Ал кеше оның парақшасын бұзып, басқа пост жазған адамды әлеуметтік желінің әкімшілігі мен тиісті адамдар анықтайды, – деді ол.

Оның түсініктемесін «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.

Бүгін таңертеңнен бері ғаламторда Дмитрий Медведевтің ВКонтакте-де жариялап, ол 10 минуттан кейін өшіріліп қалған жазбасы қызу талқыланып жатыр. Онда экс-президент Қазақстан мен Грузияның тәуелсіздігіне күмәнданып, болашақта осы елдердегі орыс халқын қорғау үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасау керектігін айтқан. Оның бұл мәлімдемесіне Қазақстан халқы үзілді-қарсы болып, сынап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама