×

Мәжіліс депутаттары Медведевтің даулы мәлімдемесіне жауап берді

Олар жазбаның екі ел арасына сызат түсіретін қадам екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2022 | 12:56
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Саиров  пен Елнұр Бейсенбаев Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведевтің «мәлімдемесіне» жауап берді.

Олар Сыртқы істер министрлігіне Ресей тарапынан ресми түсініктеме сұрау керектігін айтты.

Д. Медведев Ресей мемлекетінің ресми тұлғасы.

Болған жәйт бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Ресей тарапынан ресми түсініктеме сұрауы қажет.

Бұл іс екі ел арасындағы оң қарым-қатынастарға сызат түсіретін қадам.

Ресми түсініктеме жасау маңызды, –  деді ол Facebook.

Ал Елнұр Бейсенбаев Ресей билігі Медведевтің мәлімдемесіне ресми түрде жауап беру керектігін талап етті.

Ресей мемлекетінің билігіндегі Д.Медведевтің әлеуметтік желідегі жазбасы бойынша ресми түсіндірме жауап берілуі қажет.

Бұл істе еліміздің Сыртқы істер министрлігі қырағылық танытуы аса маңызды, әрі міндетті.

Егемен еліміз үшін, қасық қаным қалғанша күресемін! Ешкімнің тәуелсіз Қазақстанның территориясына көз тігуге, ал оның тарихын өз пайдасына тәржімалауға құқы да, хақы да жоқ, – деді ол.

Бүгін таңертең Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевтің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланып, кейін өшіріліп қалған «жазбасы» дауға айналып отыр. Оның «мәлімдемесін» Facebook-те блогер Илья Варламов скриншоттап, жариялаған соң тіпті қызу талқыланып, кеңінен таралып кетті.

Қазір Медведевтің «жазбасы» әлеуметтік желіде, жалпы ғаламтор бетінде үлкен дауға айналып барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама