«Ей, ауызыңа ие бол!»: «Иран Халкы» «Қазақ титанына» жауап берді
Ол жекпе-жекке дайын екенін айтты
«Иран Халкы» Саяд Гариби 31 шілде күні Дубайда болатын жекпе-жек алдында «Қазақ титаны» деген лақап атпен белгілі Алмат Жұмановқа жауап берді.
Бұл видео Instagram-да жарияланды.
Ей, «Қазақ титаны» сен де менімен төбелесуге дайынсың ба? Есіңде болсын, төбелескен кезде адам аузына ие болып, өзін еркін ұстау керек. Менде сенімен жекпе-жекке дайынмын, – деді ол.
Бұған дейін «Қазақ титаны» «Иран Халкына» видеоүндеу жолдаған болатын.
31 шілдеде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Dubai P7 Arena» спорт кешенінде болады.