«Бұл сенің үлкен қателігің»: «Қазақ титаны» «Иран Халкына» сес көрсетті
Жекпе-жек 31 шілдеде «Dubai P7 Arena» спорт кешенінде болады
«Қазақ титаны» деген лақап атпен белгілі Алмат Жұманов 31 шілде күні Дубайда болатын жекпе-жек алдында «Иран Халкы» Саяд Гарибиге бейнеүндеу жолдады.
Бұл видео Instagram-да жарияланды.
Сен мені жекпе-жекке шақырдың. Мен келдім. Бұл сенің ең үлкен қателігің, Бұл жекпе-жек сен үшін қиын болады. Рингте жүздескенше, – деді Алмат.
31 шілдеде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Dubai P7 Arena» спорт кешенінде болады.