Саясаткерлер осы күнді халықтың асыға күтіп отырғанын айтты
Чехияның Прага қаласында Азат елдердің форумы өтті. Бұл туралы «Эхо Кавказа» порталы хабарлады.
Жиынға Ресей билігіне қарсы күштердің өкілдері, Украина мен Беларусьтің оппозициядағы саясаткерлері, журналистері мен қоғам қайраткерлері қатысып, Ресей Федерациясын таратудың жолын талқылады.
Кездесуде саясаткерлер мен қоғам белсенділері Ресейді таратып, оның орнына 34 тәуелсіз мемелкет құруды ұсынды. Оның ішінде Кубань Республикасы, Кавказ конфедерациясы, Черкес Республикасы, Дон Республикасы, Калмыкия, Дағыстан, Ичкерия, Татарстан, Башқұртстан, Чувашия, Мордва, Саха, Бурятия, Тыва, Алтай және басқа да ұлттық республикалар бар.
Басқосуда Ичкерияның қудалаудағы премьер-министрі Ахмед Закаев сөз сөйлеп, Украинадағы соғыс украиндардың жеңісімен аяқталса, олар Ичкерияны тәуелсіз ел ретінде мойындауы мүмкін екенін айтты. Жиын соңында Ресейді деколонизация жасау декларациясы қабылданып, алдағы мақсат-міндеттер қаралды.