×

«Қазақ десе, өзіңе тиеді»: 21 жастағы трансвестит ренішін білдірді

Ол туған күнін тойханада дүркіретіп атап өтті

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2022 | 11:24
Фото: TikTok-тағы видеодан кадр

Туған күнінде өзі сияқты бір топ трансвеститті жинап, дастархан жайған Айя София деген лақап атымен белгілі азамат TikTok-та ренішін білдірді.

Ол оқырманның туған күніне байланысты жазған пікірлеріне жауап берді.

«Сәлем достар, соңғы күндері қатты жаныма батып жүрген нәрсе бар. Қазақ десе өзіңе тиеді, өзіңнің қазағың, ойлап қарасаң, олар да ет пен сүйектен жаралған. Бірақ бізді жерден алып жерге салып ата-анамызды қарғап, бізге өлім тілеп, тозақ тілеп жатады. Оның не керегі бар?

Мысалы, мынандай сөз бар: «таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді». Кішкентай ғана сөзден адамның жүрегі қаншалықты жараланатынын сіздер білмейсіздер. Менің ішімде не болып жатыр? Қандай күй кешіп жүрмін? Қандай сағыныш немесе қандай өкпе-реніш, қандай кек барын сіздер білмейсіздер ғой. Ал білмей жатып  ауыздарыңызға келгенді оттап,  пікірге жазасыздар. Сіздер білесіздер ме, қиналып жүрген адамға сіздердің айтқан сөздеріңіз одан сайын тайға таңба басқандай қинайды адамды.

Достар егер мен ұнамаймын ба, онда менен отписка жасап кетіңіздер, мен ұнамаймын ба, видеоларымды көрмеңіздер. Болды, басқа ештеңе сіздерді қинамайды. Сол сияқты мен де қиналмаймын. Менің де жүрегім бар, менің де көңілім бар. Бірақ мен сіздердің ешбіріңізге жаман нәрсе айтып жатқан жоқпын ғой. Мені де түсініңіздерші», – деп бейнежазба жариялады. 

Айя есімді атышулы трансвестит туған күнін дүркіретіп тойханаларлың бірінде атап өткен болатын. Ол өзі сияқты бір топ трансгендерді кешке жинап тост беріп, қазақтың шапанын кигізген және алтын сақина, жүзік таққан. Туған күнін қазақ асаба жүргізіп, оларға бақыт тілеген де екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама