×

«Кезінде Назарбаевқа қарсы келген адаммын» - Асылжан Мамытбеков (ВИДЕО)

Сондай қарсылық білдірудің арқасында жеке банк пен компания арасында бюджет ақшасын жымқырмақ болғандардың жымысқы әркеті орындалмай қалған оқиғаны айтып берді

 Халық үні 22.07.2022 | 00:45

Бұрынғы Президент заңға қайшы келетін тапсырмалар берген жоқ. Керісінше жауапты министрлікті реттеуді тапсырған. 2011-2016 жылдары Ауыл шаруашылығын басқарған экс-министр Асылжан Мамытбеков YouTube-тағы «Сұрау бар» бағдарламасына қатысып, Нұрсұлтан Назарбаев жүйесінде қалай жұмыс істегенін айтып берді.   

«Бұрынғы Президент болған соң оған баға беру маған ыңғайсыз. Өйткені мен сол жүйеде істеген адаммын. Бірақ ол жүйенің бәрі дұрыс емес деп айта алмаймын. Маған заңсыз бір шараларды істе, біреуге заңсыз көмек беру деген тапсырмалар берілген емес. Керісінше Елбасы бұл салада тәртіп орнат, жағдайлар жаса дейтін. Кейде сын айтушылар көбейіп жатқанда ол сұрағанда мен түсіндіретінмін. «Мынадай заң өткізіп жатырмын, оның артында мына нақты адамдардың мүдделері тұр. Олар, әрине қарсы шығады. Парламенттің де деңгейінде қарсылық шығарады», - деп. Ал ол: «Тұрса тұрсын, дұрыс жұмыс жасай бер деп нұсқаулықтар беретін», - дейді экс-министр. 

Тіпті Асылжан Мамытбековтың Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы шыққан кездері де болғанын айтады.

«Сіз естіген бәлкім теледидардан да көрген шығарсыз, мен үлкен жиналыстарда да Елбасына: «Бұны жасау дұрыс емес, болмайды», - деп қарсы шығатынмын. Мұндайды айтатын адамдар санаулы ғана болды. Ойымды ешқандай бүкпесіз айтатынмын. Үлкен деңгейдегі көкелеріміз бен ағаларымыз: «Сен қалай қарсы шыға аласың? Біз ондай айта алмаймыз» деп менің әрекетіме таңқалатын», - дейді Асылжан Мамытбеков.

Сондай қарсылық білдірудің арқасында жеке банк пен компания арасында бюджет ақшасын жымқырмақ болғандардың жымысқы әркеті орындалмай қалған оқиғаны айтып берді. 

«Кезінде Бірыңғай астық корпорациясын құру үшін бір кісілер анонимді түрде Елбасына хат жазған. Бүкіл банктерден астық холдингтерінің міндеттемелерін сатып алу мақсатында. Оған бюджеттен ақша бөлгізбек. 2 млрд доллардан астам қаражат. Мен бұл дұрыс емес деп айттым. Үкімет атынан біз қарсы хат жаздық. Енді ана хаттың да лоббилары бар ғой. Үлкен жиында протоколға «Неге менің тапсырмам орындалмады» дегенді дайындаған. Прзеидент мән-жайды түсінген соң сенікі дұрыс деді. Аноним хат жазғанның кім екенін мен білмеймін. Неге жеке компания мен жеке банк арасына бюджет ақшамен кіруі керек?», - деп Асылжан Мамытбеков сөзін жалғады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама