Кездесуде екі ел арасындағы «сауда айналымы» талқыланған
Ресей президенті Владимир Путин беспилотник сұрау үшін 4 жылдың ішінде бірінші рет Иранға ұшып барды.
Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға келіп құйылып жатқан батыс қару-жарағына қарсы тұра алатын және жоғары дәлдікті қаруларының запасы біртіндеп таусылып бара жатуына байланысты өз армиясы үшін беспилотниктер сатып алу жөніндегі келісімге келу үшін 4 жылдың ішінде бірінші рет Иранға барды, – делінген хабарамада.
Иранға дүйсенбі күні ұшып келген Путин сейсенбіде Иран президенті Ибрахим Раисимен, сондай-ақ Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен келіссөз жүргізеді.
Ердоған Путинмен «жүз пайыз» украин астығы мәселесін талқылады, деп мәлімдеді президенттің көмекшісі Юрий Ушаков. Ал Раисимен Путин үш аптаның ішінде екінші рет кездесті. Бұған дейін олар Каспий саммитінің алаңында әңгімелескен болатын. Онда Путин екі ел арасындағы сауда айналымының екі есеге жуық өскенін айтып, Сириядағы «әріптестіктің жақсы тәжірибесін» еске түсіріп өтті.
Иранмен SWIFT жүйесінен ажыратылуы жағынан халықаралық дәрежедегі оқшаулану және халықаралық резервтерінің бұғатталуы деңгейі бойынша теңескен Кремль енді соғыс үшін аятолла режимінен қару-жарақ сұрауға келіп отыр. Америка барлауының мәліметі бойынша, әңгіме Shahed-191 және Shahed-129 маркалы 300 беспилотникті сатып алу төңірегінде қозғалуға тиіс. Ресей шенеуніктері америкалық Predator UAV жарағының көшірме дрондарды көріп шығуға 8 маусым мен 5 шілде күндері екі рет келіп қайтты, деп баяндады АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан.
Тегеран көпшілік алдында Ресейге қару-жарақ бергелі жатқанын жоққа шығарды. Бірақ америкалық шенеуніктер мұндай келісімнің жасалатынына сенімді, – деді Джо Байден.
Олардың айтуынша, Ресей әскерилері осы айдың ішінде-ақ Иран дрондарымен жұмыс жасауды үйренуге кірісіп кеткелі жатыр. Мұндай дрондар кезінде Ливандағы «Хезболлах» тобырларына, Йемендегі хуситтерге берілген. Ал Ресей өзі үшін қиын сәтте майдандағы жетіспеушілігін осы қарумен толықтыруы керек.
АҚШ мемлекеттік департаметінің ресми өкілі Нед Прайс Иранның Ресейге дрон сату жөніндегі кез келген келісімі оған салынатын санкцияға алып баратынын атап өтті.