«Енді салоның өзі халал», - дейді видео авторы
Қазақстандағы супермаркеттердің бірінде Беларусь елінен импортталған шошқа майы «халал өнімі» стандарты негізінде сатылып жатқанға ұқсайды. Ол туралы видео кеше әлеуметтік желіде тарады.
Енді салоның өзі халал, - дейді видео авторы.
Оны көрген желі қолданушылардың кейбірі «халал» белгісін әлдебіреу әдейі жапсырып қойған шығар деп сенер-сенбесін білмей дал.
«Халал» деген жазуы бар қағазды үстіне жай қоя салған», «Бұл жапсырмаға емес, майдың құрамына зер салу керек» деп жазды олар.