Halyq Uni логотип
×

«Бөлінбейін десем...»: Ұлытау ауданының әкімі аймақта трайбализмнің әлі де барын мойындады

Президент жарлығымен Ұлытау облысы құрылып, оның орталығы Жезқазған қаласы болды

 Ербол Тұрымбет 18.07.2022 | 16:29

Ұлытау - рушылдық пен жершілдіктің дертінен айырыла алмай отыр. Бұл туралы «Сұрауы бар» YouTube арнасы дайындаған деректі фильмде айтылды. Белгілі журналист Базарбай Әлеуханұлы трайбализм мемлекеттік басқару жүйесіне де дендеп кеткенін айтады.

«Ең бірінші соққы - жерге бөліну, руға бөліну. Осы мәселеден құтылмай бізге кез-келген мықты бағдарламаны орындау қиынға соғады. Себебі бұның бәрі әкімдіктерден басталады. Ол жасырын емес, оны осы жерде қызмет істеген кез-келген қазақ айта алар. Ұлттық деңгейге көтеріле қоймаған жерлердің бірі осы жер», - деп Қазақстанның құрметті журналисі пікірін ашық айтты.

Ұлытау өңірінің тумасы Базарбай Әлеуханұлы әркім тегі мен руын өзі үшін білуге тиіс екенін, бірақ мемлекеттің ісімен араластырмауы керегін айтады. Фильмде Ұлытауда белгілі «бір елді мекен бір рудың қонысы, әкіміміз рулас ағайынымыз» деген түсінік әлі де бары айтылған. Мәселен, википедия анықтамасында Ұлытау ауданында әкім болған азаматтардың тізімі руымен бірге жазылған. Бұндай мәліметтер еліміздің өзге аудандарына қатысты жоқ. Ал мұнда аудан басшылығының креслосы өңірдің негізгі 3 руының арасында ғана ауысып отырғаны көрсетілген. Ұлытау облысының қазіргі әкімі Советбек Медебаев трайбализмнің дендеу себебін былай деп түсіндіріп отыр:

Бөлінбейін десең де әртүрлі жерде әртүрлі рулар тұрады. Бірақ көп шоғырланған. Жездіде жылгелділер көп деген сияқты. Мысалы, 94 үй бар. Ұлытаудың өзінде наймандар да бар, арғындар да бар. Терісаққан, Шеңгел жақтақтарда көбі арғындар, - дейді әкім Советбек Медебаев.

Әр ауылдың руын жатқа айтқан Советбек Медебаев туралы анықтамада «найман, бағаналы, ақтаз» деп мәлімет берілген. Фильмнің толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көріңіздер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама