Кітапхананы Ұлттық ғылым академиясына беру қисыныз - Аймағамбетов
Ол «Ғылым ордасы» РМК-ның жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі болып қалады
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Орталық ғылыми кітапхананы Ұлттық ғылым академиясының құрылымына беру мүмкін емес екенін айтты.
«Бұрынғы Ұлттық ғылым академиясының құрамында болған Орталық ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №84 қаулысымен «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамына енгізілген. Бүгінгі күні Орталық ғылыми кітапхана кәсіпорынның жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі. Осыған байланысты, Орталық ғылыми кітапхананы «ҚР ҰҒА» республикалық қоғамдық ұйымының құрылымына беру мүмкін емес», – делінген министрдің жауабында.