Halyq Uni логотип
×

«ҰҚК Назарбаевтың жекеменшік конторасына айналып кеткен» - қоғам қайраткері

Қазір қоғамның көңілі сыбайлас жемқорлыққа ауып кетті... 

 Халық үні 14.07.2022 | 05:33

Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері, экс-депутат Серік Әбдірахманов «... Сұрауы бар» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Қаңтардан бері, міне, жарты жыл өтті. Шындық пен кінәлілердің аты аталған жоқ. Ал қамауға кімдер алынды? Негізгі айыпкерлер емес, орындаушылар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті деген Назарбаевтың жекеменшік конторасына айналып кеткен дүние. Сол себептен өзін тарту керек еді. Тарта алмай отыр. Қаралып жатыр ол айыптылар. Сенейік! Қазір қоғамның көңілі сыбайлас жемқорлыққа ауып кетті. Ананы да, мынаны да ұстап жатыр. Анау бір маңқа генерал Ерғожиннің (Дәулет Ерғожин 2 ақпанда қамауға алынған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Ред.) өзінен 3 млрд доллар табылыпты. Қатардағы, саптағы 10-20-шы тұрған ұры жүйесінің өкілі», - дейді.

Осы тұста жүргізуші Ербол Сейілхан Ерғожинге қатысты мәліметті  спикерден қайдан білгенін сұраған еді. 

«Тергеу орындары ақырын таратып жатыр. Сенімді адамдарым бар. Егер шынайы сыбайлас жемқорлықпен күрес басталса, біздің бюджет доллардың астында қалуы керек. Профицит үстіне профицит, ақшаны қайда жұмсаймыз деген ең басты проблема шығар еді. Ондай жоқ. Қанішерлердің аты аталған жоқ. Демек, барлығы ақырын «тормозбен» кетіп бара жатыр. Бұл Тоқаев үшін өте қауіпті жағдай», - дейді Серік Әбдірахманов. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама