Ол жыланның басын да жегенін айтты
Ресейлік белгілі музыкант, «Машина времени» тобының жетекшісі, 68 жастағы Андрей Макаревич Facebook-те Қазақстанның көрікті жерлеріне жасаған саяхаты жазба жариялады.
Ол Алматы қаласында, Балқаш көлі мен Іле өзенінде болғанын айтты.
Екі бөлімнен тұратын сапардан оралдым. Алдымен Қазақстандағы Балқаш көлі мен Іле өзеніне бардым. Ол жерге Алматыдан шығып, жеті сағатта автокөлікпен жеттік. Соңғы 60 шақырым - табиғи Кэмэл трофи. Ағынды өзен, ерекше мөлдір су, білікті қорықшылар, демалыс орнының жақсы қожайыны, көптеген балық. Мен бұрын-соңды жыланның басын олжа ретінде көрген емеспін. Жыланның басы дәмді екен. Сол жерден Мальдивке, Шувамула аралына аттандық. Ең рахаты - екі сапарымда да интернет дұрыс істемеді. Сол үшін телефон көп қолданбадым. Оны сөмкеме салып қойып, миымды демалдырдым... Барлығы жақсы болды, – деді музыкант.
Ол сөз соңында Ресейге келгенде тағы біреуді ренжіткенін, тағы біреудің көңілінен шықпағанын, тағы біреулердің оны сотқа бергенін айтты.