×

«Киік басын көбейту - қанмен келген көрсеткіш» - экобелсенді

«Қазавтожол» сияқты мекемелер киіктердің миграциялық жолдарын қақ жарып өткен

 Ербол Тұрымбет 11.07.2022 | 11:44

Сарапшы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, биылғы санақта Қазақстандағы киіктердің саны 1 318 000 басқа жеткен. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 40-50% өсім болғанын көрсетеді. Киіктерге қатысты өте үлкен мәселе, көшіп-қонып жүретін миграциялық жолдарының жабылып, қысқаруында деген пікірде.

«Бұл мәселе қайдан пайда болды? Біріншіден, киіктер 2015 жылы жаппай қырылған кезде 2016-17 жылдардан бастап өсімі 40-50%-ды құрай бастады. Бұл қорғау жұмыстарының нәтижесі. Ауыл шаруашылығы мақсатында беріліп кеткен жерлердің статистикасын қарайтын болсаңыз, киіктердің тарихи мекен ететін ортасы, олардың көшіп-қонып жүретін миграциялық жолдары ауыл шаруашылық мақсатында беріліп кетті. Олардың өсімін біле тұра бүгінге дейін ешқандай шара қабылданбады», дейді ол.

Екіншіден, оның сөзінше, әрбір облысты байланыстыратын тасжолдар, теміржолдар жаңарып соғылып жатыр. Осы жол тораптарын соққан кезде киіктердің миграциялық жолдарын қақ жарып өткен. Жабайы жануарлардың өтуі үшін арнайы экодуктар жасалмаған.

ИИДМ, «Қазавтожол» мекемесі соны ескермеген. Сөйтіп, олардың мекен ететін ортасын тартып алды. Анда барса шаруа, мында барса шаруа. «Кезінде осы жерде туып-өскен киік едік» деп олар айта алмайды ғой, дейді Сәкен Ділдахмет.

Сарапшы тағы бір үлкен мәселені сөз етті - ол Қазақстандағы су тапшылығы. Ал киікке жазғы мезгілде су керек. Кезінде су ішіп жұрген өзен-көлдер бүгінде тартылып қалған. Сондықтан су іздеп елдімекен жаққа баруы мүмкін. Сол кезде шаруалардың жерін басып, егістігін таптап кетеді екен. Сарапшының айтуынша, мәселе тек киік санының өсуінде емес, жер мәселесіне тіреліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама